Табиғи апаттардың салдарын еңсеру: Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне пікір
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы көктемгі су тасқынының салдарын еңсеру туралы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында айтқан ұстанымын қолдайды.Президент су тасқындарының ел үшін үлкен сынақ болғанын, бірақ мемлекет төтенше жағдайларға жедел жауап беру қабілетін көрсеткенін атап өтті. Эвакуацияны ұйымдастыру, уақытша орналастыру пункттерінің жұмысы және әртүрлі құрылымдардың 63 мыңнан астам қызметкерін жұмылдыру адамдардың өмірін сақтап, шығынды азайтуға мүмкіндік берді. Бұл жетістік мемлекеттік органдардың, еріктілердің, бизнес пен қарапайым қазақстандықтардың үйлесімді әрекетінің арқасында мүмкін болды.Президент айтқандай, мұндай апаттардан алынған сабақтар су ресурстарын басқаруға ұз…





