«Иран конференциясы» спектаклінің екінші тынысы ашылды
16-17 қараша күндері алматылық көрерменге Шам театры Иван Вырыпаевтің әйгілі «Конференция» драмасы ұсынылды. Қойылым көрермендерді терең ойға жетелеп, ғаламдық мәселелер мен жеке адам трагедияларының нәзік байланысын көрсетті.Былтыр “Шам” театрының "Иран конференциясы" атты алғашқы қойылымын көре алмаған едім. Биылғы жылы сәті түсіп барып қайтқан жайым бар. Актерлық құрамға сөз жоқ. Кино және театр әлемінде аты шыққан танымалдар, кіл мықты. Ал, қойылымға келер болсақ, басында неге “Иран конференциясы”? деген сұрақ болғаны рас. Айтпақшы, биыл спектакль "Конференция" деп аталыпты. Тұсаукесер алдында сондай әдемі атмосфера бере алды. Паранжа киген нәзік те құпияға толы қыздар қарсы алды. Оған бір топ өнерпаздың музыкалық сүйемелдеуі ғажап сезім сыйлады. Әлбетте, әркім өзінің таным деңгейімен…
