Анам Ажар Ысқаққызының әкесі Ысқақ Смайылов туралы
31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болды. Жалпы, бір күнге екі датаны қосақтап қоюға түбегейлі қарсымын. Бір күнді жеке репрессия құрбандарына арнауымыз керек те, екінші күн Ашаршылық құрбандарына арналуы тиіс. Ал өз басым бір-екі күнде қос шаруаны атқардым. Бірі, Ақмол ауылындағы "Алжир" лагеріне барсам, екіншісі, Ашаршылық құрбандары туралы материалдарды салдым, бөлістім, жинақтадым. Енді, қуғын-сүргінге қатысты айтатын болсақ, респрессияға ұшырамаған қазақ отбасы жоқ шығар. Мысалы, менің анам Ажар Ысқаққызының әкесі Ысқақ Смайылов (мына құжатта Исмаилов деп жазылып тұр) туралы баяндай отырайын.
