Садақ атудан ұлттық құрама Көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр
Алматыда дәстүрлі садақ атудан ұлттық құраманың көшпелі оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Ұлттық құрама қыркүйекте Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады.Оқу-жаттығу жиынына 12 спортшы қатысады: іріктеуден өткен 10 спортшы және тағы 2 спортшы резервте болады. Оның ішінде 6 ер адам, 4 қыз көшпенділер ойындарының ережелеріне сәйкес жарыстарға қатыспақ.«Жаттығулар өте қарқынды жүріп жатыр, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына аз қалды. Сондықтан біз қазір жаттығуды күшейтіп, жаңа әдістерді үйреніп жатырмыз. Спортшыларымыз халықаралық деңгейде жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Бүгінде спорттың осы түрі бойынша Көшпенділер ойындарына қатысуға 35 ел тіркелген, бұл деген 300-ге жуық спортшы. Барлығы біздің спортшылармен бір аренаға шығып, бірінші орынға таласады. Осындай дайынды…






