Перейти к содержимому

Қазақтардың астық өсіруі туралы

Қазақтардың егіншілігі жөнінде Орынбор ведомствосының генерал-адъютанты Катенин деген Ресей империясының Сыртқы істер министрлігіне былай деп жазады: «Даладағы Жайық, Ембі, Ырғыз, Торғай, Тобыл өзендері мен олардың салалары және су аяғы құрдымға кететін (құмға сіңетін) өзендердің бойында қазақтар еккен астықты көруге болады».

Ал, Николай Петрович Рычков (1746 — 1784) деген орыс офицері, 1768 — 1774 жылдардағы экспедициялары барысындағы жазбаларында Қараторғай өзені бойында ежелгі ирригация іздерін көргенін жазады. Торғай даласындағы геоглифтерді зерттеуші Дмитрий Дей болса әуеден Торғай өзендері бойында көптеген ирригациялық құрылыстар іздерін байқағанын айтады. Ал, 18 ғасыр соңы мен 19 ғасыр басында Торғай жеріндегі Торайғыр, Қаз, Кедел, Өтей, Таз, Қырықмылтық, Әйдерке, Ақташы, Тағышы, Бақай руларының кісілерінің еккен астығының көп болғаны соншалық, оларды Бағаналы елінен ақшомшылар сатып алатынын Ермұхан Бекмаханов жазыпты.

Ақмолаға қатысты айтатын болсақ, сырттан келушілер қала іргесіндегі жүздеген жел диірмендерін көріп, алыстан қарағанда шаһар маңы алыптарды елестетінін баяндайды. Айтқандай, ақмолалық атақты қазақ бай әулеті Қосшығұловтар астықтың толық цикліне қол жеткізгендердің бірі еді. Яғни, астық өсіріп қана қоймай, одан ұн тартқан, печенье пісірген, тіпті патша сарайының жеткізушісі де болған.

Мына суретте былай деп жазылыпты: Ақмола қаласы. Астық базары. Қап тігу. К.П.Шаховтың открыткасы. Бір қызығы суреттегі бұл астық сол заманда Қызылжар арқылы Бостонға (АҚШ) жөнелтіліп жатыр екен. 1911 жыл.

#Қазақ астығы #Қазақ тарихы #Amandyq Amirkhamzin

0
0
4867

Еще по теме

Қазақтардың астық өсіруі туралы - Yvision.kz