Ұлытауда болдың ба, ұлар етін жедің бе?
немесе Ұлытау саяхаты туралыАяқ астынан сапарға шықтым..Биылғы жоспар Талдықорған шаһары болатын. Бірақ, жақында шетелге саяхатым бар еді, сондықтан, оны әлі де ойласып жатқан едім, сөйтіп Жазира Жанкина ханымнан Ұлытау облысына сапар туралы хабар жетті. Бұл өңірдің туризмге жауапты органының тапсырысы болатын. Әрине, бұрын да жазғанындай Жезқазған қаласында уақытында екі ай тұрдым, Қарағанды жағынан да және Арқалық тарабынан да Ұлытау облысына талай рет жол түскен еді. Соңғы рет былтыр Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған экспедиция құрамына болған едім. Дегенмен, әлі де аяғым тимеген нысандар болған соң саяхатқа бірден келістім. Көп ақпарат алдым, бастысы әріптестермен бірге негізгі деген барлық нысандарға жеттік. Әрине, өңірдің туризм бойынша өз проблемалары бар, бірақ, алдағы уа…
