Мазмұнға өту
Обложка сообщества История

Каракачандар деген кімдер?!

Біз әдетте Балқан түбегіндегі түркі халықтары туралы айтқан кезде ең алдымен Фракиядағы түріктер есімізге түседі. Жалпы, түрік ағайындар Осман империясы дәуірінен бері қазіргі Грекияның, Болгарияның, Солтүстік Македонияның, Косовоның, Сербияның, Босния және Герцеговинаның жерлерінде тұрып жатыр. Барлығында да азшылық саналады. Түрік ағайындардан кейін Балқандағы юрюктар, одан кейін гагауздар да түркі халықтарына жатады. Айтқандай, Румыния мен Болгарияда (Добруджада) едәуір қырым татары бар. Бірақ, менің қызығушылығымды тудырған Грекия мен Болгариядағы, Сербия мен Солтүстік Македониядағы каракачандар. Каракачандардың жалпы саны шамамен 20 мың ғана.

Атаулары айтып тұрғандар каракачандар түркі текті халық, тек тілдері грекше, сәйкесінше діндері православ христиандар. Ал, оларды неліктен түркі халықтарына жатқызамыз десек, онда тарихқа үңіліп көрейік.

Бірінші, олар кезінде Балқанға 11-13 ғасырларда келіп, қалып қойған түркі халықтарының - уздардың, печенегтер мен половецтердің бір бөлігі деген дерек бар. Жалпы, қара деген атаумен мысалы, қазақ халқы ішіндегі қара қыпшақтарды, сондай-ақ, қарақалпақтарды, қарапапақылыларды (әзербайжандардың субэтникалық тобы), башқұрт ішінде қара деген руды білеміз. Айтқандай, тілімізде қара шаңырақ, қара халық, қара түнек деген сөздер де бар. Қара түркі жұртында солтүстікті білдіреді. Бірақ, осы жерде тағы бір қызық нәрсені айта кетейін. Каракачандардың екінші атауы саракацандар, яғни, сары атауымен байланысты болып тұр ғой. Ал, біз, сары түс түркі Әлемінде орталықты білдіретінен хабарымыз бар.

Екінші, каркачандардың атауына байланысты "каракачан" атауын кейбір ғалымдар "қырға қашқан"-мен байланыстырса да түбірі қарамен байланысты екені белгілі.

Сонымен, 11-13 ғасырлар аралығында Балқан түбегінде орналасып қалған соң, каракачандар Еуропадағы, мысалы, Венгриядағы палоцтар, кундар, секеилер сияқты маңайындағы басым жүрт - гректердің, болгарлардың, румындар мен сербтердің және солтүстік македондықтардың арасына сіңісіп кетті. Дегенмен, олар өздерінің ерекшеліктерін ұзақ уақыт сақтаған. Ол - каркачандардың таулы аймақтарда өмір сүруі және мал шаруашлығымен айналысуы. Және, ең таң қаларлығы, сөздік қорында түркілік шаруашылық терминологиясы көп екен. Материалдық мәдениетінде де түркілік ізі әлі де бар. Тіпті, 20 ғасырдың ортасына дейін көшпенді түркі халықтары сияқты көшіп-қонып жүрген. Және, басты кәсіптері ет пен сүт сату. Дегенмен, біртіндеп отырықшылыққа амалсыздан, көп жағдайда күштеп көшіріледі.

Тағы бір қызығы мың жылға тақау Балқанда өзге жұртқа сіңісіп кетсе де олардың бет-әлпетінен монғолоидтың белгілерін байқауға болады. Айтқандай, каркачандарды көшпелі жұрт ұрпағы деп айттық қой, сәйкесінше, олардың өз қойларын каракачан қойлары деп атайды, тиісінше, малдарын қорғайтын иттері болатыны түсінікті, сол иттері біздің қазақты төбеттерге ұқсас болады екен.

Айтқандай тұрғын үйлері қонақ, ал, ауылдары стан деп аталады. Бұл бәлкім енді османдардың әсері болар. Ал, каракачандардың тұрмысы, біздің ауыл тұрмысы сияқты, яғни ауыл болып отырады. Қазіргі күні Грекияда каракачандардың фолькорлық музейі жұмыс істейді екен.

Қызық әрине, біз үшін бірақ, каркачандардың, енді, тарихтың дөңгелегі қалай айналғанын білуіміз үшін ғана керек!

Суретте: Грекиядағы каракачандардың фольклорлық музейіндегі олардың уақытша қосының макеті

0
0
599

Осы тақырып бойынша

Каракачандар деген кімдер?! - Yvision.kz