Мазмұнға өту
Обложка сообщества История

Рашид ад-диннің қазақтары

Ергене Қон, Қызыл Бөрі Бөрте Шене заманынан түрік тілдерінің төлі қазақ тілі көп өзгермегендей. Бұл жөнінде жақында ғана осы төл тілге аударылған Рашид ад-диннің «түрік-мұғұл» Шыңғысхан әулетінің шежіресі "Жамиғ ат-тауарихтағы» (ауд. Оразбай Зәріпбай, т.б.) есімдер, елесімдер, жер-су аттарына қарап ойлануға болады.

Аталған "Тауарихта" Қағанның бабаларының есім-сойлары аутентті, нақты түрде берілген ("Шыңғыз", "мұғұл", «Қйиан» (көптік тұры «Қйиат», т.т.), ал этимологиялық (тегі, мәні туралы) түсіндірмелері тіпті айшық, нақты. Мысалы Алан Қуа (Анадан) туған Шыңғысханның (бірінші) атасы - Будунжар. Budun көне түрік тілінде - «бүтін халық», ел, жұрт. «Каньмдь югурдтшь – турк будун учун» - "Қанымды жүгіртші - түрік халқы (елі) үшін" деп тасқа жазылған сөйлем бағзыдан санамда қалған. Тас жазуларда «будун» көп ретте кездеседі. «Түрк будун адақ каматндты - түркі халқының аяғы шаршады», «Будун келті» - «алғашқы халық келді». Ергенеқонға қонған осы Будунжарды түркі-мұғұл «дүрліккен» аталары «жетпіс ошақ қазған» алғашқы будун (жұрт). Демек, "Будунжар" – «Елге жар" (ие болсын) деген ниетпен қойылған. Бұл менің жорамалым дейік. Ал Рашид ат-табибтан мысалдар келтірейін. Ергенеқондағы "мұғұлдардың" ішінде Қоңқатан деген ата баласы болған. Рашид ад-дин бұл "есімнің мағынасы – «мұрыны үлкен» дегеннен дейді. Қазірғы қазақ та мұрынды адамды "қоңқатанау" дейді. Найманның ішінде "Мұрын" деген ел бар. Бұндай мысалдар Рашид ад-динде көп. Қазір тывалар «біздің бабамыз» деп жүрген «Сүбетей Бағадүрдың баласының аты Темір бұқа бауыршы. Оның ұлдары Байтмиш (Бәйтміш), Кунчак (Құншақ) және Құтлұқ». Қайдан моңғол-қалмақ болады бұлар. Сүбетейдің тағы бір баласы – мыңдық Көкеші. «Әкесінің орнын басқан» деп жазады Рашид ад-дин...

ХХ ғасырдағы ең әйгілі тіл маманы, осы саланың генийі (бірегейі) марқұм Иштван Қоңыр Мандоки қазақ тілі түрік тілдерінің ішіндегі ең аутентты (табиғи), ең статикалық (көп өзгермеген), байырғы түркі тіліне ең жақын деп айтып кеткені бекер болмаған."Жамиғ ат-тауарихты" оқыған сайын Қоңырдың осы постулатының шындығы сананда мықтана түседі, жүрегін содан мақтана түседі.

Шыңғыс ханның жұрты – дүрліккен түркі-мұғұлдардың ішінен «нұрдан жаралған» нирундар – қазақтың бабалары. Бұған дәлел – Шыңғыс хан өлгеннен кейін жиырма жылдан кейін ғана туған парсы-түрік-мұсылман ғұламасының деректі «Тарихи жазбалары - Тауарих..." Қазақша тура аудармасы - түркітану ілімі үшін - нағыз Ақсарбас! Арғын ханның ұлы Ғазан хан мен немересі Олжайтының - Олжатай мен Олжайтемірдің көкесі – тапсырысымен жазылған бұл шежіреде қазақтың тарихы жалпағынан жатыр. Бұрын иттің итақайы бұрмалап, ту-талақайын шығарып, үзіп-жүліп, өтірік аударған бес томдық шежіре қазір толығымен қазақша сөйледі. Тамаша! Енді қазақ тарихы қайтадан жазылу керек. Үлесімізді бәріміз қосайық. Құрып кеткенде, оқиық, тамсанайық, түсінейік, санамызға бекітейік.

Мен қазір зерттеп, зерделеп жүрген тақырыптарыма – найман және арғын тобықтылардың тарихынан қызықты, бастысы, ойларымды, жорамалдарымды бекітетін дәйектер, дәлелдер аталмыш еңбекте баршылық сияқты. Қияттардың қазіргі Тобықтыға қатысы бар ма, жоқ па? Неге олар үшін Шыңғыстың тауы – қасиетті, сакралды, киелі мекен?... Осыны, осыған жақын, рухтас тақырыптарды да саралап көрейік, жаналықтар алда.

Рашид ад-дин суреттеген Шыңғысханның ата жұрты Ергенеқон Түрік Республикасы құрылғаннан, Ататүрік пен Атсыз дәуірінен Түрік Идеясының айшығы, символы. Бірінші бейне -Түрік ұлтшылдарының "Ергенеқон" журналы. 1938 ж. Қазір да Ердоған Ергенеқон идеясын жалаулатып жатыр.

Сол жағынан бірінші тұрған "Тауарихтың..." аудармашысы ғұлама Оразхан Зәріпбай.

Екінші - "Тауарихтың" парсы тіліндегі түпнұсқасы.

-1
0
796

Осы тақырып бойынша

Рашид ад-диннің қазақтары - Yvision.kz