Мазмұнға өту
Обложка сообщества История

Шыңғыстау пайзасы / Чингистауская пайза

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары болса керек. Семей облысы Абай ауданының «Бірлік» совхозының қойшысы Төлеухан отарын жайып жүріп суырдың інінің аузынан күмістен құйылған көне бүйім тауып алады.

Аверсінде (бергі бетінде) шүңірейген үлкен домалақ көздері бар, қоңқа танау, бірақ жәй пенде емес – басында тәжі бар, жалынды құйрығын көкке көтерген ноқталанған арыстан тектес мақұлықтың үстінде еркін отыр. Оң қолына, қазақша атауын білмеймін, ағылшын тілінде Mace-staff, орысша «жезл» - билік белгісін көтерген, сол қолында жоғары ұстаған сандықшасы – байлық, дәулеттін белгісі болар. Кигені белбеумен оралған қымбат шапан. Жалпы сақ дәуірінің әспеттеу дәстүрінде орындалғанға ұқсайды. Онысын түсінбесе де Төкең қымбат дүние екенің біліп, ешкімге жарияламай үйіне апарып сандығына тығып қояды. Новосибирскіде техникумында оқитын ұлы Қуаныш демалысқа келгенде соған көрсетеді, «Ноғайсібіріндегі оқымысты орыстарына көрсет» дейді. Қуаныш оқуына қайтқаннан кейін сол жердегі Ғылым Академиясының тарихшыларына көрсетеді. Олар шалқасынан түседі. Бірден «пробасын» (жоғарғы 485) анықтап, Шыңғысхан дәуірінің пайзасы екенің пайымдап, осыған дейін кездеспеген жәдігері екенің түсініп, Қуанышқа бізге өткіз, өзіне тиесілі құнының 25 пайызын (4000 сом) аласын деп әуреге салады. Төрт мың сом ол уақытта қыруар ақша, бірақ бұл жәдігердің құны бұдан да жоғары болуы мүмкін деген Қуаныш, әлі келем деп, өтірік мекенжайын нұсқап құтылады.

Мен Шыңғысхан пайзалары туралы бала кезімнен Янның кітабынан білем, кейін де оқығам: бұл пайза ерекше, ең жоғары лауазымдағы тұлғаға ғана берілетін белгі. Негізінде пайзалар күміс, қола және ағаштан жасалады (алтын пайза әлі кездеспеген, болмас керек; жалпы, көшпенділер күмісті қатты бағалаған, алтынды сыртқы саудаға жаратқан). Күміс Пайза – Шыңғыс хан заманында лауазым белгісі, ал қола мен ағаштан жасалынғандары мойынға ілініп – жол ашатын құжат болған. Пайзалы адамға атын ауыстырып, қымыз бен айран құйып, жолсерік беріп не жол көрсетіп беру – ұлыс адамдарының бәрінің міндеті болған. Осы күнге жеткен пайзалар (Эрмитажда сақталған) – ұзыншақ, сопақ не домалақ мойынтұмарлар. Шыңғыстаудың пайзасындай кездеспеуі – ол иесімен ғана ғұмыр жасайтын зат болса керек.

Шыңғыстау пайзасы туралы «Ертіс өңірі» кәзитінде хабарланыпты, ол туралы Мерғали Ибраев «Білім және Еңбекте» жазыпты, Ақселеу Сейдімбек «Күңгір-күңгір күмбездерінде» қозғапты. Кейіннен оған Моңғолиядан келген сенатор А. Болат (сойына қарағанда – қазақ) қызығыпты, Сартқожа Қаржаубайұлы моңғолдың «Ильтовша» кәзитіне көлемді мақала жазыпты (не жазды екен?). Артынан моңғолдар екі мықты білгіштерін жіберіп, олар Қуанышты жәдігерімен бірге Моңғолияға шақырыпты-мыс. Содан не болғанын білмей, нағашыларым Тобықтылардың шежіресінен күнгірт суреттерді көріп қанағат қылып жүргем, жақында орысша жазған постымды оқып бір оқымысты қазақ түрлі-түсті суретін жіберіпті. Онысын ҚР Президенттік мәдени Орталығының альбомынан алыпты, сонда сақтаулы болса керек.

Айтпақшы, Қарауылдан Көкбайға (бұрынғы «Бірлік») баратын жолда Қуаныш жәдігерге арнап екі метрлік белгі орнатып, оған «Ел күбірін тау естиді, тау күбірін Тәңір естиді» деп жазыпты.

Менің болжамым мынадай: Абай мен Шәкерім, басқа ғұламалар жазғандай Шыңғысханды Қарауыл өзенінің бойында елі Қаған көтерген, сол жерде қазақ тайпалырына Ұран-Тамға үлестірілген. Одан әрі кетсек орыс пен қытай «Моңғолдың құпия шежіресі» деп жүрген “Шыңғыс Қағанның қүзаурында» бала Шыңғыс Хан тауында тығылып жүреді. Қалай дегенде де Шыңғыс ханның есімі Шыңғыстаумен тікелей байланыста. Әкемнің айтуы бойынша Шыңғыс ханның Ордасы бізде өңірде екі жерде орналасқан: аттас Орда тауының баурайында (Қопа көлінің маңында) және Хан Тауының шыңында. Абайға әкесі Құнанбай Шыңғыс Хан Хорезм жорығына Шыңғыстаудан аттанған деп айтқан. Мына пайза сол кездегі Шыңғысханның шенді жаугерлерінің бірінің бойында болып, содан жоғалып, суырдын інінен бірақ шыққан.

Бала кезімде пір тұтқан Олжас Сұлейменов (ол Олжас қайда қазір?) Қадыр Мырза Әлінің аудармасында былай деп күңіренеді:

Шыңғыстауда жатыр таяу сазарып

Сарғалдақпен шегеленген мазары.

Осы жерде жолығады түнеріп

Тарқағандай қызық-думан базары.

Қайғы-шерден басталмаған жоқ сәрі.

Қуарған шөп, тамбай көктің кәусары.

Зәр секілді, у секілді кәдімгі

Гүл атаулы сап-сары...

Шыңғыстауда жатыр мазар сазарып.

Шерлі Шыңғыстауым. Құпияларын әлі ашылар...

Есть у меня версия, как эта уникальная пайза осталась лежать в полынных степях родного мне Чингистау, я знаю, знаю, как она из потайного кармана высокого посла-гонца, отправленного Хаканом из своей ставки на Хан Тауы к хорезмскому спесивому и глупому Шаху - переместилась в тарбаганью нору...

Но о своих небеспочвенных фантазиях - в другой раз))) а пока только про факты.

... На аверсе некая персона с просветленным, явно не «монгольским», носатым ликом сидит на стилизованном, укрощенном уздечкой, львоподобном существе со взметнувшимся хвостом. В руке он держит булаву или жезл, (mace) увенчанный птицеообразной головой с клювом, левой рукой демонстрирует ларец.

Mace-staff, по всей видимости, демонстрирует власть, ларец – богатство. Одет персонаж в опоясанный царственным белбеу (ремнем) халат. Его тугую спину, густую гриву оседланного льва, и перехваченный цветком взметнувшийся хвост на реверсе хочется аж погладить, несмотря на плохое качество фотографии. Стилизация явно сакская.

Это вовсе не "пайцза", как его представляют. Совершенно не похож на прямоугольные подорожные или даже наградные пайцзы, про какие читал в детстве романтических нон-фикшн Яна «Чингисхан» и «Батый», в любой другой литературе про чингисову эру. Это может быть знак отличия, орден, медаль, нагрудный знак, но никак не пайза /повторюсь: как его понимают/

Существовали ли золотые "пайцзы"? О них много пишут, но не найдено ни одной, серебряные пластины, таблички — наперечет – три или четыре хранятся в Эрмитаже, одна из которых круглая. И все с дырочками для ношения на на шее.

А этот раритет особенный, нигде такого нет. Ничего «монгольского», чжурчженского в нем увидеть нельзя.

Обработка фантастическая, тонкая, смешанная. Литье, ковка, гравировка.

Нашел его в горах Чингиса у входа в тарбаганью нору чабан совхоза «Бирликский» Төлеухан (вспоминается рассказ Ауезова «Шыңғыстау», где олд хистори романтик чабан «впаривает» своему прагматичному, приземленному отпрыску про зулкарнайново или чингисово обитание в этих горах, про прежних героев героев и клады, а тот только отфыркивается).

В общем, нашел Төлеухан это чудо, возблагодарил Тенгри, и спрятал в сундук, позже отдал сыну Куанышбеку, велев непременно показать его ученым людям. Қуанышбек қуанып (обрадовавшись) поехал в Ноғайсібір, где учился в полиграфическом техникуме, и показал отцовскую находку спецам тамошнего института археологии. Те обалдели, ничего такого из эпохи Чингисхана они не видели, и даже не слыхивали про такое. Провели экспертизу, определили, что из серебра самой высокой пробы, 825-ой, какую не всегда добиваются и сегодня, и предложили Куанышу продать им за 4000 рублей (думаю в 1968 году это были неплохие деньги).

Видя, что не отстанут, тот сделал вид, что согласился, написал им ложный адрес, и был таков. С тех пор ничего о дальнейшей судьбе этого раритета не известно, знает все только Куанышбек. Есть материалы из семейской газеты «Ертіс өңірі», видел раритет и держал в руках известный сол өңірде поэт и журналист Мергали Ибраев, который и написал об этом в 1982 году в авторитетном тогда республиканском издании «Білім және Еңбек». Находкой заинтересовался сам Ақселеу Сейдімбек, написал о нем в своей невероятной книге «Күңгір-күңгір күмбездер». Да еще в недавние времена, приезжавший в Казахстан монгольский сенатор А. Болат (судя по фамилии, этнический казах) сильно заинтересовался им, и написал об этом в родной газете «Ардын-эрх». Неугомонный Сартқожа Қаржаубайұлы в международной монгольской газете «Ильтовша» напечатал подробнейшую статью на двух полосах /что такого много он мог написать, знают только монголы/. Монголы тут же прислали сразу двух erudite, чтобы разобраться, затем пригласили Куанышбека с раритетом в Монголию в приватную поездку.

Дальше - privacy.

Да еще. На 12 километре направления Қарауыл-Көкбай с видом на Хан Тау установил Қуанышбек почти двухметровую стелу из мрамора (высота 170, ширина 70 см) на котором выбил загадочные слова «Ел күбірін тау естиді, тау күбірін Тәңір естиді» - «Шепот эля слышат горы, шепот гор слышит Тенгри».

Красиво.

Это все, что я нашел про пайзу. Хотел бы я знать, где сейчас чингистауский jewel, и хотел бы хотя бы на фото в цвете рассмотреть его. Увы, в моем распоряжении только это черно-белое размытое изображение из Шежіре аргынского рода Тобықты, моих нағашы.

В отрочестве в дерзком олжасовском сборнике «Повторяя в полдень» прочел я: «Вблизи чингизских гор его могила, Исколотая жёлтыми цветами // Голодными, немилыми, нагими К могиле приходили на свиданье. // И пили, усмехаясь, горечь песен, И, колыхаясь, колебались травы, // Цветы желтеют грустно, Как отрава… Вблизи чингизских гор его могила» //

До сих не знаю, про чей бейіт написал поэт свои бейты. Наверное, сразу про всех Великих из Чингистау.

Я сам ведь родом из Чингисских гор, где даже воздух пропитан духом Великого Кагана, где его образ выступает из силуэтов Хан Тауы, из ветров предгорий, из разговоров стариков… Кроме Чингиса, главные герои живых изустных легенд тех мест - Би Ата (Би Кеңгірбай, имя это в моем детстве было табуировано, и я седьмой потомок его по женской линиии), затем Абай и Шах Карим.

P S Это написал два года тому назад. Потом один очень хороший человек, прочитав мой пост, прислал мне цветное фото. К великому сожалению, имя приславшего не сохранилось, а фото (только с аверса) выкладываю сегодня. Оказалось, хранится ценный артефакт в Президентском Центре Культуры РК.

Фото из альбома ниже:

Хан Тауы /Khan Mountain/ в Чингисских горах

Изображения из Шежіре Тобықты.

"Классические" "пайцзы" /из фондов Эрмитажа/.

0
0
1198

Осы тақырып бойынша

Шыңғыстау пайзасы / Чингистауская пайза - Yvision.kz