20 жылдан аса іздеуде жүрген ресейлік Астанадағы үйдің шатырынан табылды (видео)
Елордалық полиция 20 жыл іздеуде жүрген азаматты құрықтады.
Алматы аудандық ПБ қызметкерлері көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық жасағаны үшін 20 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресейдің 53 жастағы азаматын ұстады.
Күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан Астанадағы туыстарына келген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адам үйдің шатырынан табылды.
Қазіргі уақытта оны Ресейге экстрадициялау мәселесі қаралуда.
t.me/POLICE_of_KZ
