Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

9 кәсіпкерді жүздеген миллионға сан соқтырған азамат Ресейден экстрадицияланды

Ресейден бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды.
undefined
Қазақстанның Бас прокуратурасы тұрақты негізде адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды жүзеге асырады.

Осыған байланысты Ресейден бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей тарапы экстрадициялауға қатысты шаруаны аяқтады.

Аталған тұлға 2022-2023 жылдар аралығында шет елдерден азық-түліктің көтермепартияларын жеткізу сылтауымен алаяқтық жолмен 9 кәсіпкердің жалпы сомасы 470 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын иемденген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық iздестiру жарияланды. Өткен жылдың желтоқсан айында Мәскеу аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


https://t.me/GenPr

0
0
465

Осы тақырып бойынша

9 кәсіпкерді жүздеген миллионға сан соқтырған азамат... - Yvision.kz