Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Ақтөбеде жоғалған баланы іздеуге тікұшақ тартылды

13 жасар баланы іздеуге Қазавиақұтқару тікұшағы көкке көтерілді.

Бүгін ТЖМ құтқарушылары жоғалған жеткіншекті әуеден іздей бастады. 

"Ақтөбе облысы ТЖД гарнизонынан құтқарушылар мен Кинологиялық қызмет төртінші тәулікте жер үсті жұмыстарын жүргізуде. Олар баланың болуы мүмкін барлық жерлерін мұқият тексеруді жалғастырады. Сонымен қатар, сүңгуірлер Ақтөбе қаласының аумағындағы су нысандарын тексереді", - деп жазады t.me/qr_tjm.

Аутизммен ауыратын баланың бүгін төртінші күн іздестіріліп жатқанын бұрынырақ хабарладық. Кәрім Жетіру 4 маусымда үйден шығып кетіп, содан оралмаған.

0
0
1770

Осы тақырып бойынша