Ақтөбеліктер топан судан зардап шеккендерге көмек қолын созып жатыр
Ақтөбеде жұртшылықтан көмек қабылдайтын екі орын бар. Олар – «Анаға тағзым» рухани тәрбие беру орталығы және Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығы.
Фото: diapazon.kz
Қала тұрғындарының гуманитарлық орталықтарға су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде азық-түлік, жылы жамылғы, тәпішке және тағы басқа көптеген заттарды әкеліп жатқанына бір тәулік болды.
Сондай орындардың бірі – «Анаға тағзым» рухани тәрбие беру орталығында «Диапазонның» тілішісі болып қайтқан.
«Қала тұрғындары – белсенділер, еріктілер, мектептер, балабақшалар, ата-аналар кешеден (28 наурыз) бері түні бойы және бүгін, жалпы 24 сағат бойы түрлі азық-түлік, шаруашылық заттарын, төсек жабдықтарын, жастық, жамылғы, кілем, палас, бала киімдерін әкелуде. Бізден тағы тәпішке сұрап жатқандар бар», – дейді Ақтөбе қаласы әкімі апаратының әлеуметтік сала бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрсәуле Жылқыбаева.
Мұндағылар мониторинг жүргізеді де, топан судан зардап шеккендер орналасқан пункттерге тиісті көлемде гуманитарлық көмек жөнелтеді.
https://t.me/diapazonnews
