Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Ақтау әкімі алаяқтық жөнінде үндеу жолдады

Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тінәлиев өзінің аты-жөнін алаяқтар пайдаланып жатқанын айтты.

undefined

Ол азаматтарды өз атынан келген күмәнді хабарламаларға сенбеуге шақырды.

"Whats’App, Telegram мессенджерінде белгісіз адам менің аты-жөнімді жазып жалған ақпарат таратып жүр.

Сіздерден мұндай хабарламаларға сенбеуді және күмәнді сілтемелерге өтпеулеріңізді сұраймын. Сондай-ақ, мұндай хабарламаларға жауап бермей, ештеңе жазбағандарыңыз дұрыс", - деп жазды Ұлықбек Тінәлиев Facebook-те.

Әкім өз атынан алаяқтық мақсатта хабарламалар жіберуге тыйым салатынын, ал тыйымды тыңдамағандардың үстінен арыз жазатынын мәлімдеді.

undefined

0
0
789

Осы тақырып бойынша