Ақын «Сезім үшін» әнінің сөзі қалай жазылғанын айтты
Белгілі ақын Ақберен Елгезек «Сезім үшін» әнінің сөзін қалай жазғанын Жайна Сламбекке берген сұхбатында айтты.

Фото: massaget.kz
«Біреу менен «Сезім үшінді» қалай жаздыңыз?» деп сұрайды. «Міндетті түрде романтикалық тұрғыда айтайын ба әлде шыымен қалай болғанын айтайын ба?» деймін... Көбі иегін қолымен сүйеп алып, бір ғашығына арнап жазады деп ойлайды. Бұл өзі о баста Мейрамбекке арнап жазылған ән болатын. Шымкенттік Талғат Ілес деген керемет талантты композитор жігіт бар. Соның әнін Мейрамбек «Мынаны тыңдап көрші» деп жіберіпті. Мен ауруханада жатқан болатынмын. Сол әнді құлаққаппен темекі шегетін жерге дейін екі рет тыңдап бардым. Сол жерде жазыла салды. Сөйтіп, жібере салдым», – дейді Ақберен Елгезек желіде тарап жатқан видеода.
