Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Абылай Мырзахметовке қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр

Бүгін Астанада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты басты сот отырысы басталды. Онда прокурор Бауыржан Шекенов сотты жабық жағдайда өткізуді сұрады.

Фото: kaz.tengrinews

"Жоғарғы соттың 2002 жылғы 26 желтоқсандағы нормативтік қаулысының 6-тармағына сәйкес жариялылыққа тыйым салу туралы өтініш Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 29-бабының 1-бөлігі бойынша жәбірленушілердің, куәгерлердің, отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет кезде ғана қанағаттандырылуға тиіс. Кодекстің 29-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот талқылауының жариялылығын шектеуге жәбірленушінің, куәгерлердің, жақын туыстары мен сот отырысына қатысатын басқа да адамдардың қауіпсіздік мүддесін талап еткен жағдайда жол беріледі", — деді прокурор.

Судья процесті фото, видеоға түсіруге тыйым салды.

Абылай Мырзахметов өткен жылы 10 мамырда алаяқтық жасады және кәсіпкерді туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермеледі деген күдікпен ұсталған еді. Ал оған қатысты іс былтыр 21 желтоқсанда сотқа жетті.

0
0
183

Осы тақырып бойынша

Абылай Мырзахметовке қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр - Yvision.kz