Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Алдағы оқу жылының қалай өтетіні белгілі болды

Бұл жаз да ортасынан асты.

Сурет: gov.kz

 

Оқу-ағарту министрлігі 2024-2025 оқу жылының қай күні басталып, қай күні аяқталатынын және балалардың қанша уақыт оқып, қанша күн демалатынын бекітіп берді.

Сонымен, алда мектептегі сабақтар осы жылдың 1 қыркүйегінде басталып, келер жылдың 25 мамырында бітеді.

Бірінші тоқсан сегіз аптаға созылмақ. Күзгі каникул 28 қазан мен 3 қараша аралығына белгіленген. Демалыс – бір апта.

Балалар екінші тоқсанда да сегіз апта оқиды. Қысқы демалыс 2024 жылдың 30 желтоқсаны мен  2025 жылдың 8 қаңтары аралығында өтеді. Оқушылар 10 күн демалады.

Үшінші тоқсан жылдағыдай ұзақ. Ол кезде он апта сабақ өткізіледі. Каникул – 11 күн (21-31 наурыз аралығы).  

Төртінші тоқсанда да оқу сегіз апта екен. Бірақ мамырдағы мамыражай күндермен және оқу жылының аяқталуымен бұл кезеңнің жеңіл өтетіні мәлім. Ары қарай әдетттегідей балалар асыға күтетін жүз күнге жуық демалыс (биыл оның жартысынан асып кеттік) басталады.

Алайда емтихан тапсырушыларға ол кезде де қуануға ерте болады.

9 (10)-сыныптар үшін қорытынды бітіру емтихандары 29 мамыр мен 9 маусым аралығына, 11 (12)-сыныптар үшін мемлекеттік бітіру емтихандары 30 мамыр мен 13 маусым аралығына бекітілген.

0
0
823

Осы тақырып бойынша

Алдағы оқу жылының қалай өтетіні белгілі болды - Yvision.kz