Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Алматы облысында жер сілкінісі салдарынан 40-тан аса нысанда жарықшақтар пайда болған

Алматы облысының аумағында жер сілкінісінен соң жарықтар пайда болған нысандарға жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, комиссиялық аралау жүргізілді.

Иллюстрациялық фото: bazabirs.ru-

Алматы облысының әкімдігі хабарлағандай, 24 қаңтарда облыс аумағында тіршілікті қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар нысандарды тексеру нәтижесі бойынша 44 нысанда жарықтар табылды. Атап айтқанда:

Ұйғыр ауданы бойынша - 11 нысан (денсаулық сақтау - 1, білім беру - 8, әлеуметтік нысандар - 2);

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша-14 нысан (білім беру - 7, денсаулық сақтау - 1, әлеуметтік нысандар - 6);

Талғар ауданы бойынша - 3 нысан (білім беру - 3);

Кеген ауданы бойынша - 4 нысан (денсаулық сақтау - 4);

Жамбыл ауданы бойынша – 2 нысан (білім беру - 2);

Райымбек ауданы бойынша - 3 нысан (білім беру - 2, әлеуметтік нысан - 1);

Іле ауданы бойынша – 3 нысан (денсаулық сақтау - 3);

Қарасай ауданы бойынша – 4 нысан (білім беру - 4).

kaz.inform.kz-

0
0
126

Осы тақырып бойынша

Алматы облысында жер сілкінісі салдарынан 40-тан аса нысанда жарықшақтар пайда болған - Yvision.kz