Алматыда алиментін төлемей қойған тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Атқарушылық іс жүргізуді қадағалау шеңберінде, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында Наурызбай ауданы прокуратурасы ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеді. Яғни бұл балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамауға қатысты.
Сот талқылауы барысында сотталушының кінәсі дәлелденді. Сонымен қатар борышкердің үш айдан астам уақыт бойы алименттерді төлеу бойынша өз міндеттерін қасақана орындамағаны, төлемнен жалтару мақсатында өзінің нақты табысын саналы түрде жасырғаны, осыған байланысты екі миллион теңгеден астам берешек пайда болғаны анықталды.
11.03.2024 жылы Алматы қаласының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы О.Е.Ю. ҚР ҚК 139-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Кінәлі азаматқа қатысты 1 жыл бас бостандығынан шектеу бүкіл кезеңге пробациялық бақылау тағайындаумен, жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбек түріндегі жазалау шараласы қолданылды (шешім заңды күшіне енген жоқ).
Алматы қаласының прокуратурасы
