Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Алматыда бүгін-ертең Наурыз мейрамы аталып өтетін жерлер

Алматыда 21-22 наурызда Ұлыстың ұлы күнін қай жерлерге барып тойлауға болады?

Фото: lbk.ru-

Наурыз мейрамындағы мерекелік концерттер бірнеше локацияларда өтеді: 21 наурыз күні сағат 11:00-де «НАУРЫЗ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ» мерекелік концерті Астана алаңында өтсе, 21 наурызда сағат 11:00-де Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аумағында және 21 наурыз күні сағат 12:00-де Абай атындағы алаңда (Республика Сарайының алды), сондай-ақ 21-22 наурызда Астана алаңында сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін танымал әртістердің қатысуымен концерттер өтеді.

Сонымен қатар, 21-23 наурыз аралығында Арбатта (Панфилов-Жібек жолы көшесі) Наурыз мейрамына арналған ойын-сауық-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады.

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында Алматыда жоспарланған мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен түрлі конкурстардың тізімі қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.

democrat.kz

0
0
318

Осы тақырып бойынша

Алматыда бүгін-ертең Наурыз мейрамы аталып өтетін... - Yvision.kz