Алматыда экс-полицей наразылық ретінде электр бағанасына шығып алды
Алматыда бұрынғы тәртіп сақшысы ерекше наразылық акциясын өткізді.

Фотоколлаж: t.me/ladakz
Ер адам жеті жыл бұрын құқық қорғау органындағы қызметінен кетірілгеніне наразылық ретінде электр бағанасына шығып алды. Соған дейін ол Ішкі істер министрінің атына бейнеүндеу жазған.
Бұрынғы тәртіп сақшысының сөзіне қарағанда, оны жеті жыл бұрын жұмыстан заңсыз шығарып жіберіпті. Ол кезде бұл азамат әкімшілік практика бөлімі бастығының орынбасары болып істеген. Тұрғындардан жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлегені жөніндегі түбіртек қабылдап отырған. Содан бір ши шыққанға ұстайды. Бірақ бейнеүндеу жазған азамат ол жерде өзінің кінәсі жоқтығын айтады.
