Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Алматыда көлік жүргізушісінің қарсы жолмен кетіп бара жатқан видеосы тарады

Ол қос тұтас жолақты кесіп, қарсы жолмен бірталай жерді жүріп өтеді. Қасындағы жолаушының сөзіне қарағанда, көлік Алматыдағы Розыбакиев көшесінің бойында келе жатқан.

Ал алдында 92-автобус тұрғанына қарағанда, ереже бұзған көлік жүргізушісі Абай даңғылының қиылысына келіп, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтайды.

"Құрметті ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Әбілекұлы, мына шектен шыққан адамға қатал шара қолданыңызшы. Біздің дереккөзіміздің хабарлауынша, оның Алматы қаласы Полиция департаментінде жақсы тамыр-таныстары бар көрінеді. Ноу-хау камералардың белгілі бір адамдарға келгенде істемей қалатынының тағы бір дәлелі.

Біреуді автокөлікпен қағып кетсе де камераларға түспейтін шығар", - деп жазады @egovpress.

0
0
275

Осы тақырып бойынша