Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Алматыда жер сілкінсе не болады?

Зілзаланың бетін әрі қылсын, әрине. Бірақ соңғы кездері Алматыда жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін деген әңгіме жиілеп кетті.

Фото: egemen.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматыда қанша балдық жер сілкінісінің жойқын салдары болуы мүмкін деген сұраққа жауап берді.

"Бұл мәселеге қатысты сейсмологтар әзірлеген халықаралық шкала бар - MСК-64 шкаласы. Осы шкала бойынша, ғимараттар мен құрылыстардың айтарлықтай қирауы 7 балдан басталады. Сондықтан, Алматыда жер жағдайын ескере отырып, жер сілкінісі 7 балдан жоғары болса, қауіпті деп санауға болады", - дейді ТЖМ Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков.

Маманның айтуынша, 7 балға дейінгі жер сілкінісі қала үшін қауіпті емес.

"2-3 балдан бастап - бұл ғимараттардың шамалы теңселуі, 4-5 балл - бұл сылақтың бүлінуі және басқа да зақымданулар. Бұл қауіпті емес. 7 балдан бастап шара қолдану керек, барлық ғимараттарымызды жер асты дүмпуі әсеріне қарай есептеп, дайындау керек", - деді Өзбеков.

Tengrinews.kz

0
0
190

Осы тақырып бойынша