Амина деген аттан сақтан!
Қазақта қыздың Әмина деген әдемі есімі бар. Мәжіліс депутаты, белгілі ақын Қазыбек Иса Facebook-тегі парақшасына осы есімдегі "ә" әрпінен қашатындарға ашулы сөз жазыпты.

“ӘМИНА” деген әсем аттағы “Ә” әрпінен қашу, жалпы қазақ әріптерін жат санау - құлдық сана, құл тірлік!" деп жазған депутат ақын.
Бұл жазбаға пікір жазушылардың барлығы Қазыбек Исаны қолдап отыр.
"Әмина дегенде Ә орнына А қойса бүртүрлі ат болмай ма?", "Алихан деп жүр ғой енді", "Жаңа туған балаға ат қойғанда да қазақы дыбыстардан қашатын болыпты", "Әмір бәрі Амир, Әділет Адлет, Дәулет Давлет, Әлия Алия т.б. болғалы қай заман. Кеңес өкіметі тұсында қазақтардың 90 пайызының тегі мен аты дұрыс жазылған жоқ емес пе?", "Сорлылық дейді мұны" деген сияқты пікірлер жазған желі қолданушылары.
