Антикор Хаменованы тергеуге қатысты пікір білдірді
Өткен жылдың 11 желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары Хаменованың ұсталғаны хабарланған болатын. Ол 22 желтоқсанда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алайда, содан бері тергеу туралы ештеңе белгісіз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл іс әлі тексеріліп жатқанын хабарлады.
«Агенттік Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.К. Хаменоваға қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында қомақты мөлшерде пара алу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта Хаменова қамауда отыр», - деді ведомство.
Ведомство Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайтынын атап өтті.
Бақытгүл Хаменова 2020 жылдың 13 наурызында облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты болған.
Фото алынды – stan.kz
