Қарағанды облысында екі жасқа толмаған бала көкжөтелден шетінеп кетті
Оған екпе салынбаған екен.

Фото: pixabay.com
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, еліміздегі халықтың популяциялық денсаулығы өте әлсіз.
«Соңғы бірнеше жылда жинақталып қалған екпесіз балалардың аз ғана тобының өзі аурудың осылай өршуіне себеп болады. Өкінішке қарай, Қарағанды облысында көжөтелден бір өлім тіркелді. Бұл жерде баласына екпе салдыратын немесе салдырмайтын ата-аналардың ортақ жауапкершілігі болуы керек деп санаймын», – дейді Ақмарал Әлназарова.
Шетінеген сәби бір жас 11 айлық болған.
