Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Қарағанды тұрғыны киберқылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 30 қаңтарда прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасау бойынша күдікті Қарағанды тұрғынын ұстады.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынған.

Алдын ала бағалауға сәйкес, келтірілген залалдың көлемі - 49 млн теңгеден артық.

Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

0
0
191

Осы тақырып бойынша