Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Астанада бір күнде елде заңсыз жүрген 119 адам ұсталды

Астанада көші-қон қызметінің қызметкерлері жергілікті рейдтік іс-шаралар жүргізді.
undefined
Пәтерлер, хостелдер, жатақханалар, құрылыс нысандары, өндірістік аймақтар мен базарлар тексерілді.

Бір күн ішінде елордада елімізде болу тәртібін бұзған 119 шетелдік ұсталды.

🔸️ Шетелдіктердің интимдік қызмет көрсетуі бойынша 5 факті анықталды.

▪️Қоқыс өңдеу зауытының аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 37 азаматы табылды.
ІІМ көші-қон қызметі комитеті көші-қон заңнамасын сақтауға шақырады. Сондай-ақ уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз жұмыс берушінің шетелдікті бірнеше рет жұмысқа қабылдағаны және жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.

0
0
223

Осы тақырып бойынша