Астаналық әйел Бишімбаевтың жазасын жеңілдетемін деп, 100 млн теңгені алдап алған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің көптеген сұрауларына байланысты хабарлама таратты.

Фото: ulysmedia.kz
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Бишімбаевтың туыстарының арызы бойынша елорда тұрғыны Г-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталу, яғни Қ. Бишімбаевтың үкімін жеңілдетемін деп алдау арқылы 100 млн теңгені иемденді деген күдікке ілінді.
Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу болып саналады.
Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексерілуде.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтіргені үшін биыл 13 мамырда 24 жылға сотталған болатын.
