Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

"Астарлы ақиқат" бағдарламасы жабыла ма?

Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген "Астарлы ақиқат" бағдарламасын жүргізуді тоқтататынын жеткізді.

Журналист бұны Instagram-дағы парақшасына жариялаған видеода айтып отыр.

"Студияда 1500 сағат, 600 бағдарлама, 13 жыл өмір. Осымен "Астарлы ақиқатты" жүргізуді тоқтатып жатқанымды жеткіземін. Иә, мен сеперация туралы жиі айтамын, бұл балаларға ғана емес, туындыларымызға да қатысты. Тұла бойы тұңғышыма айналған "Астарлы ақиқат" өз анасын күлімсіретті, көкке көтерді, кейде күрсіндірді де. Бастысы - біз екеуміз жылағанның жасын сүрттік, құлағанды қолтығанан демедік, тарпаң тағдырдан тарыққанға жол ашуға тырыстық. Әр нәрсенің өз орны, өз уақыты болады. Осыдан тура 13 жыл бұрын, 2011 жылдың 18 қыркүйегінде 27 жастағы Динаға эфир тізгіні бұйырғанда, мен бағдарламаға жан бітіріп, оны жалпыұлттық деңгейге жеткіземін" деп ойламаған едім. Бірақ сіздер мені өз отбасыңыздың мүшесі ретінде қабылдап, күнде кешкісін менімен бірге болдыңыздар. Рахмет сіздерге! Эфирмен қоштасуымды қарыштауға қадам деп, тілекші болыңыз!", - дейді Дина Төлепберген.

Ол өзі эфирден кететнінін мәлімдегенімен аталған бағдарламаның жабылу-жабылмауы белгісіз күйде қалып отыр. Яғни тележүргізуші бұл жайында ештеңе айтпаған.

0
0
705

Осы тақырып бойынша

"Астарлы ақиқат" бағдарламасы жабыла ма? - Yvision.kz