Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Атырау облысында құтқарушы жұмыс барысында көз жұмды

Өрт сөндіру қызметкері Құлсарыда су сору жұмыстары кезінде қайтыс болған.

undefined

"29 мамырда Атырау облысы Жылой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Атырау облысы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі 2001 ж.т. азаматтық қорғау сержанты Бейбарыс Жалғасбайұлы Рақым қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп жазылды Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасында.
Сондай-ақ онда қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетілетіні айтылған.

"Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде есімізде мәңгі қалады", - делінген хабарламада.

0
0
359

Осы тақырып бойынша