Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Атырау облысының екі ауданында әлі де тасқын қаупі бар

Қорғаныс бөгеттері көп мөлшердегі суды төртінші күн бойы ұстап тұр.
undefined
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір елді мекендерді су басу қаупі әлі де сақталуда.

Өңірде жалпы ұзындығы 520 км-ден асатын су тасқынына қарсы бөгеттер салынды.

"Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингі деректері бойынша ағымдағы жылғы 11 мамырда сағат 09-00-дегі жағдай бойынша:
Атырау - 533 см. Тәулігіне + 5 см.
Индербор ауданы 1026 см. Тәулігіне +12 см.
Махамбет ауданы 939 см. Тәулігіне +15 см.
Айта кетейік, Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидропостында су деңгейі шектік белгіден асып түсті. Су тасқыны жағдайы ҚР ТЖМ құтқарушыларының бақылауында.


t.me/qr_tjm

0
0
474

Осы тақырып бойынша