Қазақстан жағдайға қарап тірлік жасауы керек – Сенат спикері
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Үкіметті Ұлттық қордан үнемі ақша ала беретіні үшін сынады.

Фото: parlam.kz
Әшімбаевтың айтуынша, біздің ел жағдайға қарап тірлік жасап жатқан жоқ. Яғни ақшаны аз тауып, көп жұмсаймыз.
Сенат төрағасының ойынша, егер қарызға ақша алына бермегенде, бүгінде Ұлттық қорда 150 млрд доллар тұрар еді. Бірақ қазір оның жартысынан да азы, яғни 60 млрд доллар бар.
«Қазақстанның тәуелсіз қорындағы 60 млрд доллар салыстырмалы түрде көп ақша емес. 30 жыл бойы мұнайды, шикізатты экспорттап отырған ел үшін бұл – тым аз қаражат», – деді Мәулен Әшімбаев.
