Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Қазақ тілін талап еткендердің бәрін "жындылар" тұратын аймақ етіп бөліп тастаса болғандай

Ruza апайды айтамын да, қазақша сөйле дегені үшін жындыханаға жатқызып тастаған. Көбіміз жүрген жерімізде қазақша сөйле деп төңірегімізді үндеп жүреміз. Олай жазалар болсақ, Қазақстанның жартысы жындыханада жатар. Қаланың жартысынан көбін “жындылар” тұратын аймақ етіп бөліп тастаса болғандай, қайбір кинодағы 13-аудандай. Dulat Tastekey деген кәсіпкер, меценат, депутат жігіт бар. Ол тіпті жейдесіне “Қазақша сөйле” деп жазып алып жүреді. Оны “жындылардың” старостасы етіп тағайындауға болады. Мына жағдай шынында да трагикомедияға сұранып тұр. Әттең, жазушы емеспін, оқырмандарды күлдіре отырып ойландырар әңгіме жазар едім.

Журналист Шыңғыс Мұқанның жазбасы

Айта кетейік, кеше Павлодарда тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегін жындыханаға қамады деген ақпарат тараған болатын.

0
0
204

Осы тақырып бойынша

Қазақ тілін талап еткендердің бәрін "жындылар" тұратын аймақ етіп бөліп тастаса болғандай - Yvision.kz