Ажырысқанда бала тағдырын ақша шеше ме?
Бала туу - екі адамның өлшенген шешімі, бірақ жұп айырылысқанда бала тәрбиелегендегі барлық ауыртпалықтар бір ғана адамның иығына түседі. Баланы балабақшаға, мектепке апарып, кейін алып кету, ауырып қалса - емханаға апару, емдету және тағы да мың мәселе. Сол қиындықтықтарды жеңу үшін жалғыз қалған ана немесе әке алиментке өтініш бере алады. Бұл мүмкіндік неке туралы кодексте бекітілген. Алайда, ол төлемнің екі үлкен мәселесі бар: борышкерлер мен алдаумен азырақ төлегісі келетіндер.
2016 жылы «Алименттер. Төлемеушілерге қарсы 30 қадам» атты жоба басталды. Оның қортындысы бойынша, 424 іс жүргізу аяқталғанын, оның ішінде 304-і тоқтатылғанын, 120-ы қайтарылғанын, алимент төлеуден жалтарған 32 борышкерге әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылғанын, ішкі істер органдарына ҚР ҚК 139-бабы бойынша алимент бойынша борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін 89 материал жіберілгенін атап өтті.
Тек өткен 2021 жылы 316 борышкер сот алдында жауапқа тартылды, ал 6000 адамға административті іс ашылды. Бүгінгі таңда 8000 адам әлі де баласына борышын берген жоқ.
Магеррамов Магеррам, ҚР мәжіліс депатуты минималды алимент сомасы күнкөріс минимумынан төмен болмауы керектігін айтты. Егер 2022 жылғы орташа жалақы 272 968 теңге болса, кейбірлеулердің алимент сомасы күнкөріс минимумынан аз болу қалай мүмкін? Оған себеп – алимент төлеуші өз жалақысын төмендетіп немесе аз жалақы алатын орынға жұмысқа тұрады не тіпті мекен-жайын ауыстырып, өзін іздетіп қояды.
Көптеген ер адамдар әйелдерімен ажырысқанда, балаларымен де ажырасып жатырмын деп ойлайтын көрінеді. Олардың ойынша, экс-жұптары ақшаны өз керегіне ғана жұмсайды. Бірақ-та олар баланы өзіне ала алатынын білсе, түсінсе келісетіндері шамалы, себебі баланы күту тек ақша жұмсау ғана емес, оған күтім, уақыт бөлу дегенді де білдіреді.
Көрініп тұрғандай, бұл мәселенің шешімі тек заң тарапынан емес, бала ата-анасының қоғамдық және моральдық жетілуінде болып табылады.
Фото https://egov.kz/ алынған
