Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Бүгін – қатерлі ісікке қарсы күрес күні

4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні.

"Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одақтың (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні атап өтіледі. Мақсаты – халықтың онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау туралы хабардарлығын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы хабардар ету. Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады. 2023 жыл қорытындысы бойынша онкологиялық есепте 218 мыңнан астам қазақстандық тұр, 12 мыңнан адам бұл аурудан қайтыс болды. Қазақстанда қатерлі ісіктің ең көп тараған түрлері: сүт безі обыры, колоректальды қатерлі ісік, өкпе рагы, асқазан обыры, жатыр мойны обыры. Қатерлі ісіктерді емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Мемлекеттік медициналық көмектің тегін кепілдік берілген көлеміне кіреді. Еске салайық, қазіргі уақытта Қазақстанда тегін онкоскринингтің 3 түрі бар: 1) 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер сүт безі обырына скрининг 2 жылда бір рет; 2) Жатыр мойны обырына скринингтен өту, 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 4 жылда бір рет; 3) 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдердің тоқ ішек обырына скрининг 2 жылда бір рет. Онкологиялық скринингтерден тұрғылықты жері бойынша емханада өтуге болады. Онкологиялық аурулардың алдын алудың стандартты, әмбебап шараларына мыналар жатады: ​❇️ Темекі шегуден, ішімдік ішуден бас тарту; ​❇️ Май мен нитриттері бар (шұжық\ысталған ет), қызыл ет тұтынуды шектеу. Талшыққа (клетчаткаға), А,В,С дәрумендеріне, омега қышқылдарына бай тағамдарды тұтыну; ​❇️ Күн сәулесінің әсерін шектеу, яғни электромагниттік сәулелену көздерінен аулақ болу; ​❇️ В гепатитіне (бауыр обырын тудырады), адам папилломавирусына (жатыр мойны обырын тудырады) қарсы вакцинациялау; ​❇️ Скринингтерден, тексеру кабинеттерінде профилактикалық тексерулерден үнемі өту, созылмалы ауруларды уақтылы емдеу қажет; ​❇️ Спортпен шұғылдану, жасына сәйкес оңтайлы салмақты сақтау, ұйқы мен демалу режимін сақтау қажет. ​ ​ 2024 жылы Қазақстанда жатыр мойны обырының себебі болып табылатын адамның папилломалық вирусына (HPV) қарсы ерікті вакцина егу басталады. 11 жасқа толған қыздар тегін екпе ала алады. Есіңізде болсын! Ерте диагноз өмірді сақтайды!", - деп жазылды Қазақ Онкология және радиология ҒЗИ Facebook- парақшасында.

0
0
130

Осы тақырып бойынша