Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Бүгін - Наурызнама бойынша Жыл басы

22 наурыз – Жыл басы. Наурызнама онкүндігінің тоғызыншы күні.

Бұл күні еліміздің барлық өңірлерінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Астананың орталық алаңында, Қазақ елі және Бәйтерек монументтерінің жанында, Астаналық саябақ аумағында және EXPO алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен негізгі мерекелік концерттер өтеді. Алматыда Астана алаңында сағат 19:00-ден 22:00-ге дейін танымал әртістердің қатысуымен концерттер өтеді. Арбатта Наурыз мейрамына арналған ойын-сауық-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады. Елімізде Наурыз мерекесі биылдан бастап 10 күн бойы аталып өтіп жатыр. Наурызнамның онкүндігінің әр күнінің өз мәні бар, ол мейірімділікті, руханилықты, ынтымақтастықты, жасампаздықты, жаңаруды бейнелейді.

Айта кетейік, бұрын Наурыз мерекесі осы күні ғана аталып өтетін.

0
0
205

Осы тақырып бойынша

Бүгін - Наурызнама бойынша Жыл басы - Yvision.kz