Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Бүгін Павлодар әкімі мектептегі сұмдық оқиғаға қатысты жиын өткізеді

Павлодар әкімі Хасар Қабылбеков бүгін қала мектептеріндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша үлкен жиын өткізбек. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде мәлімдеді.

undefined

Фото: pavlodarnews.kz / Павлодар қаласының әкімі Хасар Қабылбеков оң жақта

"№14 орта мектепте болған оқиғаға қала әкімі ғана емес, екі оқушының әкесі ретінде де үнсіз қала алмадым. Оқиға болған жерде болдым, мектеп басшылығымен, мұғалімдермен сөйлестім. Зардап шеккен балаға барып, оның тезірек сауығып кетуін тілеп, қандай көмек қажет екенін білдім", - деп жазды Хасар Қабылбеков.
Ал жиын негізінен аталған мектепте болған кешегі сұмдық оқиғаға қатысты өткізілмек. Онда оқушы ерегісіп қалған сыныптасы мен араша түспек болған әйел мұғалімді пышақпен жаралап кеткен еді.

"Біз болған оқиғаның қайталануын болдырмауға мүмкіндік беретін шаралар кешенін келісіп, жедел жүзеге асырамыз деп үміттенемін. Павлодарлық ата-аналар білім беру ұйымдарының қабырғасында балаларының өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейтініне сенімді болуы тиіс", - деді әкім.

Кеше зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық ем белгіленген. Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

0
0
307

Осы тақырып бойынша