Бағдат Мусин "Қазақтелеком" басшысы болып ресми түрде тағайындалды
"Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы болып Бағдат Мусин тағайындалды.

Фото: tengrinews.kz
Бұл тағайындау жөнінде әлеуметтік желіде хабарланғанын бұрынырақ жазғанбыз.
Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Екібастұзда дүниеге келген.
2004 жылы Сүлейман Демирел университетін «Компьютерлік технологияның бағдарламалық және аппараттық құралы» мамандандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Қазақ заңтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген, мамандығы –«Заңгер».
2004-2007 жж. - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік органдарында IT -бөлімшелерін құру департаментінің бас инженері, бөлім бастығы, директордың орынбасары
2007-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бөлімінің бастығы.
2008-2010 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақпараттық технологиялар департаментінің бастығы.
2010-2011 жж. - Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат министрлігінің ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары.
2011-2012 жж. - Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі ХҚКО үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары.
2012-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО үйлестіру комитетінің төрағасы.
2014 жылдың сәуір-тамызы - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.
2014-2017 жж. - «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы.
2017-2018 жж. - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы.
2020 жылдың 13 наурызынан бастап. – 2020 жылдың 20 шілдесіне дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі.
2020 жылдың 20 шілдесінен бастап - Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш индустриясының бірінші вице-министрі.
2020 жылдың 2 қыркүйегінен бастап - 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін - Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.
