"Бастарыңды жарамын". Мақпал Жүнісова кімдерге ашулы?
Белгілі әнші Мақпал Жүнісова өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеме жасап, видео жариялады.

"Құрметті менің жазылушыларым, ешкімге сенбеңіздер. Телефоннан ешқандай дауыс бермеңіздер. Мынау тонаушылық. Телефонымды бұзып, уатсабым істемей қалды. Маған дауыс бер деді. Дәлел Уашқа дауыс беріп едім, телефоным істемей қалды ғой. Сосын ақша қағып алған. Сұмдық енді. Онымен соттасып жүруге уақыт та жоқ. Концертке дайындық болып жатыр. Ондайға сенбеңіздер. Маған дауыс керек болса, өзім айтам ғой айғайлап. «Мен мындамын, дауыс беріңіздер» деп. Мен байқауға қатысып жатқан жас әнші емеспін. Мынау алаяқтар. Табылсаңдар, бастарыңды жарамын. Қазір мен тапсырма беремін. Осыдан тауып алсақ сіздерді..." - деді ол әлеуметтік желіге жариялаған видеосында.
