Бау-бақша ұжымдарының 1400-ден астам тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылды

ТЖД, ЖАО, ПД күштерімен бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын алдын-ала эвакуациялау жалғасуда.
1417 адам эвакуацияланды, оның ішінде 623 бала эвакуациялау пункттеріне орналастырылды.
Ауа-райының күрт жылынуы салдарынан Ақтөбе қаласындағы Елек өзені бойында бау-бақша ұжымдарындағы үйлерге еріген қар суы кіру қаупі туындады.
Осыған байланысты облыс әкімі төрағалымен жоспардан тыс Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өткізілді.
Отырыс нәтижесі бойынша Ақтөбе қаласы Елек өзені бойындағы бау-бақша ұжымында тұратын халықты уақытша орналастыру орындарына көшіру туралы шешім қабылданды.
t.me/qr_tjm
