Бектенов халық бір жарым жылда 100% ауыз сумен қамтылуға тиіс екенін мәлімдеді
Үкімет басшысы Олжас Бектенов сапалы ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ету аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі екенін айтты. Ал оны орындау үшін небәрі 1,5 жыл қалды.
Фото: gov.kz
«2025 жылдың соңына қарай біз халықты 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл – аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі. Уақыт тығыз, небәрі 1,5 жыл қалды. Әкімдіктер сумен жабдықтау көрсеткіштерінің жоғары деңгейіне қарамастан, ауылдар мен қалаларда тиісті инфрақұрылымды тарту жұмыстарын күшейтуге тиіс. Сумен қамтамасыз ету жұмыстары басым тәртіппен қаржыландырылуы тиіс. Елді мекендердің ішінде су желілерін жүргізу жұмыстарын топтық су құбырларының инфрақұрылымын ауылдардың шекараларына дейін тарту жоспарларымен үйлестіру керек», — деді Премьер-министр.
