Бишімбаевқа қатысты істі апелляциялық сот қарайтын болды
Әйелін өлтірді деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі апелляциялық сотқа жіберілді. 
Енді экс-шенеунікке кесілген сот үкімі қайта қаралады. Бұл ақпаратты Астана қалалық сотының баспасөз қызметі растады.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев пен онымен бірге істі болған Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі биыл 13 мамырда шыққан болатын.
