Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

Бишімбаев ісі: бүгін түске дейін не айтылды?

Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысына Салтанат Нүкенованың астрология жөніндегі көмекшісі болған Анар Тасова куәгер ретінде шақырылды.

undefinedСурет: SATZHANGRAM  

Тасова Нүкенованың өз жұмысын жақсы көргенін, клиенттері үнемі риза болғанын айтты. Бірақ Салтанат тұрмыс құрғаннан кейін біртүрлі әрекеттер жасай бастапты.

«Ол күйеуге шыққан соң бірден аккануттарының кұпиясөздерін ауыстырып жіберді. Бұған мен қатты таңғалдым», – деді куәгер.

Анар Салтанаттың мойнынан қылқындыру мен жіптің іздерін көргенін де айтты.   

«Біздің бірге түскен суретіміз бар. Сол суретте де көгергендері көрініп тұр. Ол қырынан отырды. Өйткені маған көрсеткісі келмеді. Көгерген жерлер қолында да болды», – деді Тасова.

Айыпталушы болса, осыған қатысты ойына бірдеңе түскенін жеткізді.  

«Соңғы кездері қылқындыру, жіп салу туралы айтылып жатыр. Кеше сарапшы да айтты. Соны құрметті судья мен алқа билерге түсіндіріп қойсам деймін. Егер сағат жетідегі видеоны анықтап қарасаңыздар, Салтанатты ұрып жатқан кезімде оның мойнынан оң қолыммен ұстағаным көрініп тұр. Із содан қалған болуы керек. Қылқындырды деген бәлелі сөз сол жағдайдан шығып тұр», – деді Қуандық Бишімбаев.  

0
0
209

Осы тақырып бойынша