Бишімбаев кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді
Бүгін әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы басталды.

Бишімбаев өзіне сөз берілген кезде прокурорлар таққан айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.
"Менің ешқайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде де, еш жерде оқиғаның қалай болғанын айтуға мүмкіндігім болмады. Прокурорлардың қазір оқығандарының көбі жалған, расталмаған және дәлел жоқ. Сондықтан 110-бап бойынша мұндай қылмыс менің тарапымнан ешқашан жасалған жоқ, мен оны мойындамаймын. Мен толық көлемде емес, адамды ерекше қатыгездікпен қасақана өлтіру бойынша айтып отырмын. Түсіндіруге мүмкіндігім болады деп үміттенемін", - деді айыпталушы.
Айта кетейік, бұл соттағы айыпталушылар орындығында Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов та отыр. Ол қылмысты жасырып қалды, ол туралы тиісті орынға хабар бермеді деп айыпталуда.
