Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

Бишімбаев Нүкенованы жатырымен ант етуге мәжбүрлеген – марқұмның ағасы

Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында жарыссөз басталды.  

undefinedФото: t.me/Jogargy_sot 

Алдымен судья екінші айыпталушы Бақытжан Байжановқа қатысты «Қылмысты хабарламау» деген баптың алынып тасталғанын мәлімдеді. Енді Байжанов тек қылмысты жасырды деп айыпталады. Өткенде прокурор осындай өтініш жасаған болатын. Судья соны қанағаттандырды.

Жарыссөз кезінде прокурор Айжан Аймағанова Бишімбаевтың Салтанатты азаптағанын алға тартты. Оның айтуынша, сотқа дейінгі де , сот кезіндегі де тергеу барысында Нүкенованың азапталғаны дәлелденген. Яғни Салтанат ұрып-соғудан да, психикалық тұрғыдан да жәбір көріп келген.

«Оның азап көргені жәбірленуші тараптың, куәлардың, сотталушы Байжановтың айтуы, фото және видеоматериалдар, жазысқан хаттар мен жазбалар арқылы расталды. Оның үстіне Бишімбаев Нүкенованы мәжбүрлеп кінәлі сезіндіріп қойған. Салтананың 12 рет кетіп қалып, артынан қайтып келгені сондықтан», – дейді Аймағанова.  

Ал марқұмның ағасы Айтбек Амангелдінің айтуынша, Бишімбаев Нүкенованы құрсағымен ант беруге мәжбүрлеген.  

«Салтанат ол кісімен (Райымбек Баталовты айтып отыр – ред.) арада ештеңе болмағанын айтты. Шамасы, бұл (Бишімбаев – ред.) ол кісіні көре алмай, өзін одан кем сезінген. Салтанат күйеуі талап еткен соң анасының, Алланың, болашақ балаларының, әкесінің аттарымен ант етті. Ол тіпті жатырымен ант етуді талап еткен», – дейді Айтбек Амангелді.

0
0
351

Осы тақырып бойынша