Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сот та тікелей эфирден көрсетілетін болды
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық инстанцияға келіп түсті.

Бұл туралы t.me/Jogargy_sot хабарлады.
"Судьяның осы жылғы 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленді.
Жоғарғы сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді", - деп жазылған Жоғарғы сот хабарламасында.
Естеріңізге салсақ, биыл 13 мамырда Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға бас бостандықтарынан айырылған еді.
