Бишімбаев пен Байжановқа қатысты сот үкімі шықты

Астанада әйелін азаптап өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның қылмысын жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі шықты.
Бишімбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Аса қатыгездікпен адам өлтіру) мен 110-бабы (Азаптау) бойынша 24 жылға, Байжанов 432-бабы (Қылмысты жасыру) бойынша 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
Байжанова изначально обвиняли по статьям 432 "Укрывательство" и 434 "Недонесение о преступлении" УК РК. Позже прокуроры отказались от одной статьи обвинения. В действии осталось лишь заранее необещанное укрывательство особо тяжкого преступления.
Еске сала кетсек, өткен жылы 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.
Қалалық Полиция департаментінің өкілдері сол күні елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Ал осы оқиға бойынша Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.
12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры, экс-министрдің туысқан інісі Бақытжан Байжанов та қамауға алынды. Оған қылмысты жасырды және хабарламады деген айып тағылды.
