Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

«Болат Назарбаев болған». Мәдина Ералиеваның ұлы анасының өлімі туралы айтты

Марқұм әнші Мәдина Ералиеваның ұлы Арсен Ералы STAN.KZ Youtube-арнасына сұхбат берді.

«Халық біледі, қайтыс болған кезде жанында, көліктің ішінде Болат Назарбаев болды. Сол кісі маған телефон шалды. Ол кісі Байқоңырдың мәйітханасында екен. «Арсен, бұл рас, анаң қайтыс болды. Не істейміз, мәйітті соямыз ба, соймаймыз ба?» деп өзінің нелерін айта бастады. Мен «білмеймін» дедім. Қайдан білемін? 19 жасар баламын. Сосын үйдегі тәтем келді жылап. Үйде адамдар қаптап кетті. Мең-зең болып, білмеймін не істеп, не қойғанымызды. Сондай бір қиын жағдай болды үйде», – деп еске алды Арсен Ералы.

Сондай-ақ ол анасы мен Болат Назарбаевтың бірнеше жыл некеде тұрғанын айтты.

Айта кетейік, Арсен марқұм режиссер Болат Атабаевтың баласы.

Мәдина Ералиева 2000 жылы 27 қарашада өзінің туған өлкесі – Қызылорда облысындағы тас жолда жол апатынан қаза тапты.

0
0
415

Осы тақырып бойынша