Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Болат Назарбаевтың балалары байлықты бөлісіп жатыр

Бұрынғы президенттің інісінің байлығы бөліске түсіп жатыр. Кім көбірек алады екен?

Фото: Facebook


Болат Назарбаев өткен жылы 13 қарашада қайтыс болды. Оның артында қалдырған байлығы содан бері сөз болуда.

Bes.media осы тақырыпты қозғапты. Онда нотариус 2024 жылы 3 қаңтарда Исабаев ашқан № 1/2024 мұрагерлік іс келтірілген.

Мұраны сұрап сотқа жүгінгендер қатарында Болат Әбішұлының ұлы Нұрбол, жұбайы Динара және көптеген балалары бар.

Олардың тізімі мынадай:

Назарбаев Нурбол Болатович, 1983 жылы 14 қарашада туған.

Назарбаева Динара Кемелхановна, 1986 жылы 4 желтоқсанда туған.

Болатұлы Болатхан, 2012 жылы 7 ақпанда туған.

Назарбаев Мұхаммед Болатұлы, 2021 жылы 21 қыркүйекте туған.

Назарбаева Еркежан Болатқызы, 2018 жылы 18 мамырда туған.

Назарбаев Елнур Болатович, 2013 жылы 19 тамызда туған.

Назарбаев Болат Болатович, 2014 жылы 17 қазанда туған.

Назарбаев Акбар Болатович, 2016 жылы 23 қарашада туған.

Назарбаева Нурбану Болатқызы, 2018 жылы 9 шілдеде туған.

Болатқызы Томирис, 2013 жылы 30 шілдеде туған.

Болатқызы Аруназ, 2016 жылы 30 қаңтара туған.

Назарбаев Ханболат Болатұлы, 2002 жылы 17 ақпанда туған.

Назарбаева Альбина Болатқызы, 2003 жылы 7 маусымда туған.

Назарбаев Хантөре Болатұлы, 2018 жылы 26 қаңтарда туған.

Назарбаева Жанель Болатовна, 2010 жылы 3 қарашада туған.

Бұл іс әлі қаралып жатыр. Оған уақыт керек.

Еліміздің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже інісі Болат Назарбаев 2023 жылдың 13 қарашасында 71 жасқа қараған шағында Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханада жатып көз жұмды. Ол осы ауруханаға содан 10 күн бұрын жеткізілген.

Болат Әбішұлының көп әйелі болғаны қоғамға жасырын емес. Алғашқы жары Гүлжаннан кейін ол 2001–2011 жылдары Майра Құрманғалиевамен, 2009-2021 жылдары Гүлнар Дүйсебаевамен некеде тұрған. Тіпті оның 2009–2011 жылдары заңды түрде үш әйелі болыпты.

Ал нақты қанша жұбай және баласы болғанын біз білмейміз. Жоғарыдағы тізімде тек ресми түрдегі перзенттері келтірілген.

0
0
823

Осы тақырып бойынша